«Ұлттық валюта күні - теңге» викторина

09.11.2023

2023 жылы 9 қараша күні «Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» ҚМҚК кітапханасында кітапханашы М.К. Бейсенбина және тарих пәні оқытушысы К.К.Капаровтың ұйымдастыруымен «Ұлттық валюта күні - теңге» атты тақырыбында викторина өткізді. Бұл іс-шара экономикалық білімнің негіздерін қалыптастыру, ақшаның пайда болуына, оны адамзаттың тарихи дамуында қолдануға, олардың қазіргі өмірдегі рөліне жалпы түсінік беру мақсатында ұйымдастырылды. Сондай-ақ қазақстандық патриотизм мен Отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу, мемлекет рәміздерін құрметтеу насихатталды. Викторинада студенттер сұрақтарға рулетка түрінде жауап берді және қосымша тапсырмаларды орындады.



Текст
Виртуальная приемная