«Нашақорлыққа біз қарсымыз!»

08.02.2023

2023 жылы 7 ақпан күні "Ж.Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі" КМҚК.-інде нашақорлықтың алдын алу, салауатты өмір салтына дәріптеу мақсатында, "Есіл ауданы әкімдігінің Жастар ресурстық орталығы" КММ қызметкерлерімен, олар : С. Сағындықов, Н. Октябрь, С. Телібайұлы. бірлесіп сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Іс шарада қазіргі жасөспірімдер мен жастардың проблемалары талқыланды. Іс – шара барысында білім алушылар қазіргі заманның өзекті мәселесі - жас ұрпақты ерте есірткіге айналдыруды ашатын фильм көрсетілді. Фильмді көріп болған соң, балалар өз әсерлерімен бөлісіп, осы мәселеге өз көзқарастарын білдірді. Есірткіні қолданудың алдын алуға ерекше назар аударылды, жастарды есірткі заттарын қолдануға итермелейтін себептер, денсаулық психикасына зияны, оның салдары талқыланды, студенттерге суреттер түрінде өз пікірлерін білдіру ұсынылды. Балалар нашақорлықтың зияны туралы сурет салды, жасөспірімдерді нашақорлыққа тартудың себептері қандай? "Жоқ!»,- деп айтуға үйренейік, деген сұрақтарға жауаптар алды. Қорытындылай келе, әлеуметтік педагог С. Г. Коновалова нашақорлық — бұл өлімге әкелетін ауру және проблема, ол өте қиын шешіледі және бүгінгі күні емдеудің тиімді әдістері жоқ, сондықтан мұндай заттарды сынап көруге азғыру қаншалықты үлкен болса да, мұны істеудің қажеті жоқ және бұл мәселе әр адамның таңдауы болмауы керек!



Текст
Виртуальная приемная