"Ұлан" әскери-спорттық көпсайысы

20.10.2022

2022 жылғы 19 қазанда Республика күнін мерекелеу құрметіне Жалел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжінің 1 курс студенттері арасында "Ұлан" әскери-спорттық көпсайысы ұйымдастырылып, оған 4 адамнан 6 команда қатысты. Осы іс-шараның барлық қатысушылары өздерін белсенді көрсетті, барлық байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Бұл іс-шара студенттер арасында жауынгерлік рухты көтеру, дене шынықтыру дайындығы мен әскери ортаға бейімделу дағдыларын дамыту мақсатында өткізілді. Іс-шара қатысушылардың салтанатты шеруінен басталды, кейін балалар жарысқа қатысып, келесі конкурстар бойынша ең мықтыларын анықтады: - АК-74 автоматын бөлшектеу және қайта құрастыру; - тартылу (ұлдар); - отырып тұру жаттығуы (қыздар); - арқан тарту; - кедергілер алабы; - газтұтқышты уақытқа кию. Әр санат бойынша ең мықтылар "Ұлан" спартакиадасының облыстық турнирлеріне қатысу үшін колледж командасының құрамына кіреді. Жарыс қатысушыларына, сондай-ақ көрермендерге бұл іс-шара жағымды әсер қалдырды.



Текст
Виртуальная приемная