Бүгін 2024 жылы 17 сәуір күні " Ж.Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі" КМҚК еріктілері Покровка ауылының су тасқыны салдарынан зардап шеккен тұрғындары мен қарттарына көмектесті. Біздің студенттер аулаларды ағыннан қалған қоқыстардан тазартып, отын жинап, бүлінген жиһаздарды шығарды. Қыздар едендер, тұрмыстық жиһаздар мен ыдыстарды жуды. Қарапайым халыққа әлі де болса көп көмек керек және колледж еріктілері әрқашан қол ұшын созып, көмек беруге дайын.
#Ж.ҚизатовАтындағыЖАШКеріктілері.



