Өндірісте кадрларға сұраныс – колледждің басты міндеті

02.06.2023

Қазіргі жағдайда ел экономикасы үшін жоғары білікті кадрларды даярлаудың негізгі базасы болып табылатын техникалық және кәсіптік білім жүйесіне талап күшеюде. Жаңа уақыт үздіксіз білім мен қажетті дағдыларды игеруді талап етеді. Іс жүзінде мәселе білім беруді дамытуға екі тең құқылы тарап – жұмыс берушілер (бизнес) және академиялық қоғамдастық қатысуы тиіс болатындай етіп қойылады. Ал кәсіптік білім беру жағдайдың өзгеруіне назар аудара отырып, еңбек нарығының сұраныстарына жанашырлықпен жауап беруі керек. Яғни, білім беру бағдарламаларының еңбек нарығына бағдарлануы орта-арнайы білім берудің тиімділігінің және жалпы дайындық сапасының негізгі көрсеткішіне айналды.

2023 жылы 2 маусым күні "Ж.Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі" КМҚК-нда "Ветеринария" мамандығы бойынша студенттерімен «EMC-Agro «ЖШС жұмыс берушілерінің кездесуі өтті. Осы кездесу барысында "EMC-Agro" ЖШС өкілдері студенттерге әрі қарай жұмысқа орналасу шартымен, ақылы кәсіби тәжірибеден өтуді ұсынды. Олар кәсіпорынның кадрлық саясаты жас мамандарды тартуға бағытталған іс-шаралар кешенін қарастыратынына назар аударды және олар өз қызметкерлері үшін жасайтын жағдайлар, жалақы деңгейі, перспективалық өсу мүмкіндіктері, сондай-ақ болашақ мамандарға қойылатын талаптар туралы толық айтуға тырысты. Ең бастысы, студенттер өндірістегі таптырмас жұмыс тәжірибесін алатынындығын атап өтті. «Ветеринарлар бүгінгі таңда сұранысқа ие мамандар болып қала береді»,- деп өз сөзінде бас ветеринарлық дәрігерлер Иванченко Александр Викторович пен Букрев Юрий Васильевич айтты. Кездесуге қатысқан студенттерге "EMC-Agro" ЖШС кәсіпорнына экскурсиямен баруды ұсынды. Сұхбаттасу барысында студенттер өз қызығушылықтарын білдіріп, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.

Кездесу достық жағдайда өтті. Мұндай кездесулер өте маңызды, өйткені олар студенттерге жұмыстың мазмұны жағынан да, оның шарттары тұрғысынан да әлеуетті жұмыс берушілердің ұсыныстары туралы ақпарат беруге, сондай-ақ олардың болашақ кәсібінің ерекшеліктері туралы тікелей білуге мүмкіндік береді және оларға болашақ жұмысқа орналасу және өзін-өзі жүзеге асыру мәселесін шешуге сенімділік береді.



Текст
Виртуальная приемная