Қиын өмірлік жағдайдан әрдайым шығу жолы бар ма?

25.04.2025

2025 жылғы 25 сәуірде КГКП «Жалел Қизатов атындағы Жоғары ауылшаруашылық колледжінде» нақты және жаратылыстану-ғылыми пәндер ЦӘК апталығы аясында әлеуметтік педагог Коновалова С.Г. «Қиын өмірлік жағдайдан әрдайым шығу жолы бар ма?» тақырыбында пікірталас өткізді. Тапсырмалар мен жаттығулар ойын түрінде ұсынылып, бұл іс-шараны жасөспірімдер үшін қызықты әрі тартымды етті.

Іс-шара презентациядан басталды, онда студенттер түрлі жағдайларды талдап, қиын өмірлік жағдайдан шығудың мүмкін жолдарын анықтады. Олар келесі сұрақтарға жауап берді: «Қандай жағдайларды қиын деп атауға болады?», «Неліктен кей адамдар өмірде қуанышты көрсе, басқалары тек қайғыны көреді?»

Студенттер топпен жұмыс істеп, түрлі жағдайларды талқылап, шешу жолдарын ұсынды. Сонымен қатар сауалнама жүргізіліп, студенттер өздеріне тән қиын жағдайдан шығу тәсілін анықтады.

«Ауа шарлары» атты жаттығу ерекше қызығушылық тудырды. Бұл жаттығу ішкі кемелденуге, мазасыздықты төмендетуге және қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған. Студенттер күйзелісті жағдайларда өзін-өзі қолдау тәсілдерімен танысты.

Аталған пікірталас жасөспірімдердің мынадай қорғаныс қасиеттерін дамытуға ықпал етті: өзіне деген сенімділік, үйлесімді қарым-қатынастар орната білу, шешім қабылдай алу, дағдарыстық жағдайларды жеңе білу. Іс-шара бейнеролик көрумен аяқталды.



Текст
Виртуальная приемная