СҚО полиция Департаментінің басшысымен кездесу

17.03.2021

2021 жылғы 12 наурызда «Жалел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК-ның акт залында СҚО полиция Департаментінің бастығы полиция полковнигі Марат Сағынтайұлы Төлебаев Покровка ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді. Ашық сұхбатта полицияның құзыретіне қатысты проблемалық мәселелер қаралды.

Кездесуге қатысқандар:

- Есіл ауданының әкімі Алтынбек Тоғайбекұлы Абдуллаев;

- Департамент Штабының бастығы полиция полковнигі Сәуле Тыныштыққызы Андағұлова;

- Есіл аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Ерлік Жанұзақұлы Еслямбеков.

Сонымен қатар, аудандық полиция бөлімінің басшылығы, учаскелік полиция инспекторлары, колледж студенттері, округ тұрғындары шақырылды.

СҚО ПД бастығы М.С.Төлебаев қатысушыларды ішкі істер органдарын реформалау процесімен қысқаша таныстырды. Полиция қызметінің басым бағыты халықтың сенім деңгейін арттыруға бағытталған жұмыстың сервистік моделіне көшу болып табылады. Азаматтарға ыңғайлы болу үшін мемлекеттік қызметтер электрондық форматқа көшірілді. Қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізілді. Сондай-ақ, 2020 жылдың қорытындысы бойынша облыстағы жедел жағдайдың жай-күйі туралы ақпарат берілді.

Бұдан әрі, Есіл аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Еслямбеков Ерлік Жанұзақұлы аудан аумағындағы құқықтық тәртіп жағдайы туралы толық ақпарат берді.

Кездесу барысында құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге үлкен көмек көрсететін белсенді өмірлік ұстанымы бар бірқатар азаматтар марапатталды.

Алғыс хаттармен марапатталды:

Бейімбет Жасұланұлы Бұғасов – Ж.Қизатов атындағы ЖАШК-нің директоры;

Валерий Людвикович Соколовский – «Есіл орман шаруашылығы» КММ-нің директоры;

Қайырбек Қожғалиұлы Кожасов – «Бай - Енбек» ЖШС-нің директоры;

Виктор Абаевич Жұмағылов – «Атамекен Агро Есіл» ЖШС-нің директоры.

Аудан әкімі Алтынбек Тоғайбекұлы Абдуллаев аудандық полиция бөлімінің материалдық-техникалық базасын нығайту үшін 22 жылжымалы радиостанцияны тапсырды.

СҚО ПД бастығы М.С.Төлебаев Покровка ауылдық округінің тұрғындарына ауылдарда құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде жан-жақты көмек көрсеткені және аудан тұрғындарының өзінің учаскелік инспекторына көмек көрсеткені үшін ризашылық білдірді.

Одан әрі колледж кітапханасында СҚО полиция Департаментінің бастығы полиция полковнигі Марат Сағынтайұлы Төлебаевтың қабылдауы ұйымдастырылды. Осы жұмыс барысында Покровка ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізілді. Азаматтармен қылмыспен күреске, қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз етуге, әлеуметтік бағыттылыққа қатысты проблемалық сұрақтар қойылды. Барлық сұрақтарға толық жауап алынды.



Текст
Виртуальная приемная