Есіл ауданы Халыққа қызмет көрсету орталығының өкілімен кездесу

13.04.2021

2021 жылдың 12 наурызында «Ж.Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК кітапханасында Есіл ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы өкілінің оқытушылармен және студенттермен кездесуі өтті.

HR-менеджері Нұрсейітова Динара Ержанқызы «Электрондық үкімет және электрондық қызметтер» тақырыбында әңгіме өткізді.

Әңгімелесу барысында Динара Ержанқызы ХҚКО-тардың мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері, ЭЦҚ алу, СМС-пароль арқылы, телеграмм-бот, Egov Mobile қосымшасы арқылы қызмет алу мәселелері туралы баяндады.

Сонымен қатар, Динара Ержанқызы қатысушыларды «Ashyq» пилоттық жобасымен таныстырды, ол келушілердің жұқтыру қаупін азайту мақсатында құрылған және пандемияға байланысты шектеу шараларының қолданылу кезеңінде бизнес пен халық үшін карантиндік шектеулерді оңтайландыруға мүмкіндік береді.

Кездесу соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, құзыретті жауаптар алды.



Текст
Виртуальная приемная