Түлектерді жұмысқа орналастыру - оқу орны жұмысының тиімділігінің маңызды көрсеткіші болып табылады. Біздің оқу мекемеміз де осы қызмет бағытына ерекше көңіл бөледі, бұл түлектердің жұмысқа орналасуына көмектесу жүйесін жүйелі түрде жетілдіруде, дамытуда және жыл сайын жұмысқа орналасқан түлектердің жоғары пайызында көрініс табады. Түлектерді жұмыспен қамту, мамандарды бәсекеге қабілетті етіп бірлесе даярлауды жүзеге асыру мақсатында, 2023 жылғы 15 мамыр күні Ж.Қизатов атындағы жоғары ауылшаруашылық колледжінде Солтүстік Қазақстан облысы Ветеринария басқармасының басшысы Ж.К. Амержановпен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында басқарма басшасы "Ветеринария" мамандығы бойынша студенттермен әңгімелесіп, оларға мемлекеттік қызметке кірудің егжей-тегжейлері мен перспективаларын және ветеринария саласындағы жұмыстың ерекшеліктерін айтып берді. Ол кәсіпорынның кадрлық саясаты жас мамандарды тартуға бағытталған іс-шаралар кешенін қарастыратынына назар аударды және қызметкерлер үшін жасалып жатқан жағдайлар, жалақы деңгейі, перспективалық өсу мүмкіндіктері, сондай-ақ болашақ мамандарға қойылатын талаптар туралы толық айтуға тырысты. Бұл кездесу өте жылы және достық рәуіште өтті. Кездесуде әр талқыланған сұрақтар бойынша пайдалы әрі мазмұнды ақпараттар берілді. Мұндай жиындар кәсіби мамандарды сапалы даярлауға басты негіз болады. Сонымен қатар іс шара студенттерге жұмыстың мазмұны жағынан да, оның шарттары тұрғысынан да әлеуетті жұмыс берушілердің ұсыныстары туралы ақпарат беруге, сондай-ақ олардың болашақ кәсібінің ерекшеліктері туралы тікелей білуге мүмкіндік береді және оларға болашақ жұмысқа орналасу және өзін-өзі жүзеге асыру мәселесін шешуге сенімділік береді.