Колледж Парламентінің Президентін сайлау

23.09.2022

Студенттер Парламенті – оқу орнындағы басталған жұмыстарды жетілдіру бойынша ұсыныстар және жаңа идеяларды жүзеге асыратын, олармен жүргізілетін саясаттың, Жастар ісі жөніндегі комитеттің көмегімен тағайындалатын негізгі атқарушы ұйым. Студенттердің қазіргі жағдайдағы негізгі міндеттері - студенттердің өзін-өзі басқару жүйесін алып жүру. Бүгінгі таңда студенттің өзін-өзі басқаруы колледж студенттерінің атынан үлкен қолдауға ие болуда. Бүгін 2022 жылдың 22 қыркүйегінде "Ж.Қизатов атындағы жоғарғы ауылшаруашылығы колледжі"КМҚК-нда колледждің студенттік Парламенті Президентінің сайлауы өтті. Іс-шараны директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.К. Мусина ұйымдастырды. Гүлзира Катранқызы жиналған студенттерді демократиялық сайлау мен сайлауалды ережелермен таныстырды. Биылғы жылы Президент лауазымына 3 кандидат ұсынылды: Варвара Шаповал - 30 топ, Әзірет Ұлжабаев – 28 топ , Игорь Пославский -21 топ. 186 адам қатысқан дауыс беру қорытындысы бойынша келесі нәтижелер анықталды: Варвара Шаповал -58 (31.2%), Әзірет Ұлжабаев – 58 (31.2%) және Игорь Пославский – 70 (37.6%). Колледж парламентінің президенті болып Пославский Игорь сайланды. Сайлаудағы жеңісіңізбен құттықтаймыз! Колледждің студенттік Парламентіне креативті идеялар, белсенді және жемісті жұмыс тілейміз!!!

#студенческий_парламент #студенттік_парламент



Текст
Виртуальная приемная