Студенттік парламент «Болашақ» президентін сайлау өтті

19.09.2025

2025 жылдың 17 қыркүйек күні «Ж. Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК студенттік парламент «Болашақ» президентін сайлау өтті, шараның мақсаты – студенттік өзін-өзі басқаруды нығайту, білім алушылардың мүдделерінің өкілдігін қамтамасыз ету, сондай-ақ көшбасшылық құзыреттер мен азаматтық жауапкершілікті дамыту. Президент лауазымына Сабит Диас (29-топ, «Орман шаруашылығы»), Мантурова Ангелина (29-топ, «Орман шаруашылығы») және Ульжабаева Даяна (20-топ, «Тамақтануды ұйымдастыру») үміткер болды. Дауыс беруге 157 адам қатысты. Дауыс беру қорытындысы бойынша кандидаттар тиісінше 6,7 %, 26,0 % және 67,3 % дауыс жинады, нәтижесінде студенттік парламенттің президенті болып Ульжабаева Даяна сайланды. Даянаны «Болашақ» студенттік парламентінің президенті болып сайлануымен құттықтаймыз, нәтижелі жұмыс, студенттермен тиімді диалог орнату және бастамаларын табысты іске асыруын тілейміз. Сондай-ақ өзге үміткерлер мен барлық қатысушыларға белсенді ұстанымы үшін алғыс білдіреміз.



Текст
Виртуальная приемная