2025 жылдың 27 маусымы күні Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауылшаруашылығы колледжі 2025 жылдың түлектеріне диплом табыстау рәсімі колледж қабырғасында салтанатты жағдайда өтті.
Бұл кеш – студенттердің ұзақ жылғы еңбегі мен білім жолындағы табандылығының нәтижесі. Олар колледж қабырғасында сапалы білім алып, биік армандарға жол ашты. Биылғы жылы оқу орны «Ветеринария», «Агрономия», «Тамақтануды ұйымдастыру», «Ауылшауашылығын механикаландыру», «Сүт және сүт өнімдерін өндіру», «Орман шаруашылығы», «Есеп және аудит» мамандықтары бойынша 105 маман даярлап шығарды.
Оқуды үздік оқып, колледж өміріне белсене араласқан түлектер алғыс хаттармен марапатталды. Түлектерді мекеме басшысы, топ жетекшілері және ата-аналар шын жүректерінен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.
Іс-шараның екінші бөлімінде түлектердің өздері ән айтып, би билеп, жүрекжарды сөздерімен олар жылулық, шабыт және жеңіл толқу атмосферасын жасады.
Түлектеріміздің әрбір қадамына сәттілік тілейміз!






