Бүгін түлектеріміз үлкен өмірдің алғашқы баспалдағынан өтіп, келесі биік сатыларына қадам басқалы тұр. Сондықтан бүгінгі күн колледж қабырғасындағы әрбір студент, ұстаз және ата-ана үшін ерекше салтанатты күн. Елімізде жастардың сапалы білім алып, жаңа деңгейге көтерілуіне барынша жан-жақты қолдау көрсетілуде. Костюм шалбардағы ұлдар, кешкі әсем көйлектердегі қыздар-олардың жүздері жастықты, жігерлікті, сонымен қатар жинақтылық пен қатаңдықты көрсетеді…
95 студент үшін "Ж.Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі" КМҚК түлектер кеші 29 маусымда өтті. Бұл күні олар болашағын айқындайтын маңызды құжаттың бірі — "Агрономия", "Ветеринария", "Ауыл шаруашылығын механикаландыру", "Сүт және сүт өнімдерін өндіру", "Есеп және аудит" мамандықтары бойынша орта буын маманы дипломын және "Тамақтануды ұйымдастыру" және "Есеп және аудит"жұмысшы кәсіптерін алды. Біздің түлектерді топ жетекшілері мен колледж әкімшілігі құттықтады, сондай - ақ салтанатты іс – шарада құрметті қонақ әлеуметтік серіктес - "Мамбетов және К" КТ бас маманы - К.С. Ахметов болды.
Колледж директоры Бұғасов БЖ білім алушыларды салтанатты шарамен құттықтады. Бүгінгі күні Қазақстанда аграрлық сектормен байланысты жаңа инвестициялық жобалар іске асырылып жатқанын атап өтті. Агроөнеркәсіптік кешен саласында барлығы 31 жобаны іске асыру басталды. Бұл құс фабрикалары, қой фермалары, көкөніс қоймасы, гидропоникалық және климаттық бақыланатын жылыжайлар, майлы дақылдарды өңдеу және жемшөп қоспаларын өндіру бойынша суару және май экстракциясы зауыты. 17 сүт - тауар фермасының құрылысы басталды. Мұның бәрі жұмыс орындарын құруға ықпал етіп, бәсекеге қабілетті заман талабына сай жұмыс істей алатын және таңдаған мамандығын жақсы көретін жоғары білікті мамандарды қажет етеді. Сондықтан Мемлекет басшысы жастарға ерекше сенім білдіреді. Қазақстанда бұл үндеу мемлекет құрып отырған үлкен мүмкіндіктерімен нығайтылуда: "Дипломмен ауылға", "Жастар бизнесі", "Жастар практикасы", ұлттық "Рухани жаңғыру" жалпыұлттық жобалары іске асырылуда, оның шеңберінде "Тәуелсіздік ұрпағы" жеке бағыты жастарға арналған, ""Ауылдық аумақтарда жастар кәсіпкерлігін дамытуға жәрдемдесу" гранттық жобасы да өзекті болды. Директор әрбір түлекті Қазақстан Республикасының дамуына үлес қосуға шақырды. Асқақ армандарға жету жолында әрдайым білім алудан жалықпай, талмай ізденіп, ел тұтқасына айналуда жастар белсенділік таныту қажеттілігі айтылды.
Оқу барысында үш студент үздік нәтиже көрсетіп, колледжді үздік бітірді: Елена Хлусова, Варвара Шаповал және Виктория Шустарева. Сондай-ақ оларға грамоталар мен алғыс хаттар табыс етілді.
Іс шара соңында студенттер білімге қол жеткізу жолында жанындағылардың барлығына: топ жетекшілеріне, оқытушыларға, жатақхана қызметкерлері мен тәрбиешілерге, техникалық және қызмет көрсету қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.
Туған өлкенің өсіп-өркендеуіне үлес қосар білімді, білікті, шын мәніндегі нағыз алтын түлек болуларыңызға тілекшіміз. Ақ жол, жас түлек!