Түлектер кеші - колледж өміріндегі маңызды оқиға

01.07.2022

Дипломдарды тапсыру – студенттің, қазіргі уақыттағы түлектің өміріндегі ең қызықты оқиғалардың бірі. Бұл - ұзақ жылдар бойы барлығы күтетін ең жарқын және салтанатты сәт. Қысқа, бірақ өте мазмұнды және ұмытылмас жылдар байқалмай өтті. Кешегі студенттерге олардың пайдалы және қажетті мамандықтарды меңгергенін түсіну өте қуанышты. Мемлекеттік қорытынды аттестаттауға байланысты толқулар, дабылдар артта қалды. Ал, диплом алған күні түлектер қуанышқа толы. Олар колледжбен қоштасу және өмірдің жаңа кезеңіне өту уақыты келгенін түсінеді. 2022 жылдың 29 маусымында Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжінде «Есеп және аудит», «Ет және ет өнімдерін өндіру», «Агрономия», «Ауыл шаруашылығын механикаландыру», «Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафт құрылысы» мамандықтары бойынша білім алған студенттерге диплом тапсыру рәсімі өтті. Дипломдарды орта буын мамандарын тәжірибелік даярлауға елеулі үлес қосқан колледждің әлеуметтік серіктестері - құрметті қонақтар: «Зенченко және К» коммандиттік серіктестігінің бас мал дәрігері Чебан Денис Викторович, «Азия-Таранғұл» ЖШС директоры - Гольцер Петр Федорович, «Заградовское» ЖШС директоры - Фисенко Иван Феофанович, «Лесное» ШҚ басшысы - Соколовский Валерий Людвикович табыстады. Колледждің әлеуетті жұмыс берушілері түлектерге құттықтау лебізін білдіріп, өз кәсіпорындарындағы бос жұмыс орындарын ұсынды. Бұл күні шәкірттеріне білім нәрімен сусындаған ұстаздар мен көмегінсіз, қолдаусыз қол жеткізе алмайтын ата-аналардан мерекенің майталмандары туралы көптеген жылы лебіздер айтылды. Және жауап ретінде түлектер тәлімгерлеріне шыдамдылық пен түсіністік үшін, ата-аналарына қамқорлық пен сүйіспеншілік үшін алғыстарын білдірді.



Текст
Виртуальная приемная