Түлектер кеші

02.03.2020

26 ақпан күні 100% оқу бағдарламасын аяқтап, қорытынды және аралық аттестаттаудан оң нәтиже алған колледж түлектерінің өміріндегі маңызды сәтке арналған салтанатты іс-шара өтті. Бұл күні зал аграрлық сектордың жаңа мамандарын, атап айтқанда «Агроном» біліктілігімен «Агрономия», «Техник-технолог» біліктілігімен «Ет және ет өнімдерінің өндірісі», «Техник-механик» біліктілігімен «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» және «Орман шебері» біліктілігімен «Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафт құрылысы» мамандықтары бойынша түлектерді қарсы алды. Салтанатты шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранын орындауымен басталды. Колледж бітірушілердің диплом алу салтанатына оқу мекемесінің әлеуметтік серіктесі «Заградовское» ЖШС директоры И.Ф.Фисенко мырза арнайы қонақ ретінде шақырылып, жас мамандарға ақ тілектер тілей келе, өз өмірінен көптеген мысалдар келтірді, оның бұл лауазымға қалай келгені туралы әңгімелей келе, түлектерді ел игілігіне еңбек етуге шақырды. Колледж директоры Бейімбет Жасұланұлы Бұғасов және Иван Феофанович Фисенкомен колледждің түлектеріне дипломдар салтанатты түрде табысталды. Бүгінгіде 59 түлек ойы толып, бойы өсіп, колледжбен қоштасып, алғашқы түлек атанды. Үздік оқулары үшін Присич Юлия, Михайлов Вадим, Власов Дмитрий алғыс хаттармен марапатталды. Колледждің қоғамдық өміріне белсене араласып, оқуын жақсы аяқтаған түлектерге Әсет Аружан, Депершмитд Елизавета, Ақанова Әсия, Гончар Николай, Флюх Вадим, Преснякова Екатерина, Семигулина Ирина және Мурзатаев Азаматқа алғыс білдірілді. Сондай-ақ, спортта жеткен жетістіктері үшін Ерболат Сейтахметов мақтау қағазымен марапатталды. Топ жетекшілері құттықтау сөздерін айтып, бітірушілерге жылы лебіздерін білдірді. Колледжімізде дəстүрге айналған кеш өте қызықты да əсерлі өтті. Барлық тілектер мен құттықтау сөздердің соңы концерттік бағдарламаға ұласты, түлектер ән айтып, би билеп, өз өнерлерін көрсетті.

Сіздерге ақ жол тілейміз, құрметті түлектер!!!



Текст
Виртуальная приемная