“Тіл мәртебесі- ел мерейі” мәнерлеп оқу

05.09.2023

2023 жылдың 05 қыркүйек күні Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауылшаруашылығы колледжі кітапханасында гуманитарлық пәндер оқытушыларының ұйымдастыруымен «Агрономия» мамандығының 13 тобы және «Сүт өнімдерін өндіру» мамандығының 18 топ студенттерімен бірлесіп “Тіл мәртебесі- ел мерейі” мәнерлеп оқыту сайысын өткізді. Іс шараның мақсаты: студенттердің Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру. Тіл – қандай ұлтта, елде болмасын әрқашан қастерлі де құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл - әрбір елдің жаны. Іс шара барысында студенттер тіл туралы ақын жазушылардың өлеңдерін оқыды, әрі қарай осы тақырып бойынша ақыл-ой картасын жасады, викторинаға, сұрақтарға жауап берді. Студенттер іс-шарада жақсы білімдерін көрсете білді.



Текст
Виртуальная приемная