Жыл сайын 1 желтоқсанда атап өтілетін Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні АИТВ инфекциясы мен ЖИТС пандемиясына қарсы күресте әлемнің барлық аймақтарындағы ұйымдасқан күш-жігерді нығайтуға қызмет етеді. Іс-шараның мақсаты — салауатты өмір салтын насихаттау, зиянды әдеттерден бас тартудың қажеттілігін қалыптастыру және студенттердің шығармашылық белсенділігін дамыту. 28 қарашада «Ж.Кизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжінде» КМҚК Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған плакаттар байқауы жарияланды. Байқауға 19 топ қатысты. Плакаттарды спорт залының жанындағы холлда кез келген қалаушы көре алады. Плакат авторлары осы қорқынышты аурудың алдын алуға өз үлестерін қосуға тырысты. Байқау қорытындысы: • 1 орын – 46 топ, «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы; • 2 орын – 41 топ, «Ветеринария» мамандығы; • 3 орын – 12 топ, «Дәнекерлеу ісі» мамандығы; • 3 орын – 24 топ, «Есеп және аудит» мамандығы; • 3 орын – 20 топ, «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы. Өз суреттерінде студенттер алкоголизм, темекі шегу, ЖИТС мәселесіне деген көзқарастарын және ауру жұқтырмау үшін не істеу керектігін бейнеледі. Денсаулығыңызды сақтауға тырысыңыз! Көп нәрсе сіздің жеке шешіміңізге байланысты!