Мен - өз Республикамның азаматымын!

23.10.2024

Бүгін Ж.Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылық колледжінде Қазақстан Республикасы күніне арналған мерекелік концерт өткізілді! 1990 жылы 25 қазан күні мемлекеттік егемендік туралы декларация қабылданды. Қазақстан өзіне тән барлық атрибуттармен шын мәнінде тәуелсіз мемлекет құруға мүмкіндік алды. Ал 2022 жылғы 29 қыркүйек күні Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 25 қазан күнін ұлттық мереке – республика күні ретінде бекітуді көздейтін заңға қол қойды. Іс-шараның студенттері, оқытушылары мен қонақтары музыкалық шығармалар, ұлттық билер мен өлеңдер арқылы патриоттық бірлік атмосферасын сезінді. Қазақстан Республика күнін бейбіт аспан астында атап өтеді. Бұл мемлекеттің халық алдында ең басты жетістігі емес пе?!



Текст
Виртуальная приемная