«Ж. Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК «Заң және тәртіп» бағыты аясында студенттер арасында құқықтық тәрбие мен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Колледжде полиция, прокуратура қызметкерлері және медицина мамандарының қатысуымен кездесулер ұйымдастырылып, құқықтық сауаттылық, нашақорлықтың, алаяқтықтың, буллингтің алдын алу, сондай-ақ цифрлық қауіпсіздік мәселелері қарастырылды.
«Стоп буллинг», «Буллингтен қорған», «Алаяқтық және оның алдын алу шаралары» тақырыптарында дәрістер мен алдын алу әңгімелері, ақпараттық сағаттар мен ашық диалогтар өткізілді.
Студенттер «Заң және тәртіп» құқықтық ойынына қатысып, деректі фильмдер көріп, «Адал азамат» бағдарламасы мен «Қоғамдық мүлікті қорға» жобасы аясында профилактикалық бейнероликтер дайындады. Ал «ДосболLIKE» жобасы аясында достық пен қауіпсіз ортаны қалыптастыруға бағытталған сынып сағаттары, әңгімелер мен тренингтер өткізілді.
Жүргізіліп жатқан жұмыстар құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, жеке жауапкершілікті арттыруға және қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз етуге бағытталған.
#заң_мен_тәртіп #законипорядок #АдалАзамат #ДосболLIKE #Профилактика #Қауіпсіздік
