1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні. Бұл күн бүкіл әлемдік қоғамдастықтың және әрбір адамның назарын ЖИТС мәселесіне және адам өмірінің құндылығына аудару мақсатында белгіленген. «Ж.Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжінің» КМҚК кітапханасында ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған ақпараттық-тақырыптық кеңес-көрме ұйымдастырылды. Көрмеге оқырмандар назарына аурудың тарихы, вирустың берілу жолдары, белгілері мен қауіп-қатер топтары, емдеу және АИТВ-инфекциясының алдын алу туралы әдебиеттер, есірткі мәселелеріне арналған кітаптар, сондай-ақ осы тақырыптар бойынша ақпараттық парақшалар ұсынылды. «Сүрініп кетпеу үшін білу» тақырыбында студенттермен әңгімелесу өткізген колледждің әлеуметтік педагогы С.Г.Коновалова әңгіме барысында жастардың ЖИТС мәселесіне назарын аудару, салауатты өмір салтын насихаттау, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу, инфекцияның берілу жолдары туралы ақпарат беру және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға төзімділік таныту мақсаттары көзделді. Әңгіме соңында студенттерге «Адам ағзасындағы АИТВ-инфекцияның белгілері мен дамуы» атты деректі фильм көрсетілді. «Сізге сіздің денсаулығыңызға тек өзіңіз ғана қамқор бола аласыз. Денсаулықты сақтау – ең дұрыс шешім», – деп Светлана Геннадьевна атап өтті.